×

«Жүлде қоры – 13 млн теңге». Атырауда халықаралық шахмат фестивалі өтеді

Оған 9 елдің шахматшылары қатысады

 Дәурен Ерболат 09.08.2022 | 15:25
Фото: chess.com

Биыл 15-24 тамыз аралағында Атырауда алғаш рет Atyrau Chess Festival 2022 халықаралық шахмат фестивалі өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Іс-шараны танымал спортшы, шахматтан Азия чемпионы Динара Сәдуақасова негізін қалаған Шахмат академиясы ұйымдастырады.

Жарыстың жүлде қоры – 13 млн 257 мың теңге.

Турнирге 260 қатысушы тіркелді. Оның ішінде 9 елдің халықаралық гроссмейстерлері мен халықаралық шеберлері бар: АҚШ, Нидерланды, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей ойыншылары.

Халықаралық жарыс 3 турнирден тұрады:

  • Atyrau Open,
  • Atyrau Juniors,
  • Atyrau Blitz.  

Фестивальдің мақсаты – Қазақстанда шахматты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас таланттарды анықтау. Турнирде шахматшылар өзіне лайықты қарсылас тауып, күшін сынап көреді. Бәріне тек сәттілік тілеймін, - деді Динара Сәдуақасова.

Сондай-ақ жарыста үздік нәтиже көрсеткен ойыншыларға Қазақстан-Британ техникалық университетінен (ҚБТУ) бакалавриат пен магистратураға арнайы гранттар бөлінеді. Олардың есімдері турнирдің жабылу рәсімі барысында белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама