×

8 дүркін әлем чемпионын концертте атып кетті

Ол шөлмекті алғысы келген адаммен ерегісіп қалған

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 15:14
фото: ашық дереккөз

Бразилияның Сан-Паулу қаласында көзі тірісінде BJJ (бразилиялық джиу-джитсу) аңызына айналған Леандро Лоны концерт кезінде атып кетті.

Бұл туралы ММА журналисі Игорь Лазорин Telegram-арнасында хабарлады.

Ло концерт кезінде өзі отырған дастарханнан шөлмекті алған ер адаммен сөзге келіп қалған. Одан кейін жанжалды ушықтырмау үшін көрші отырған адамдар оларды арашалап алады. Бірақ көп уақыт өтпей ер адам қарумен оралып, Леандроның басынан атып тастайды. Спортшы ауруханаға дейін жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 

Ло 33 жаста болатын. Ол джиу-джитсудан сегіз дүркін әлем чемпионы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама