×

Тоқаевтың еңбек демалысы бітті

Бүгін президент премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 09:49
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Бүгін президент жұмыс кестесіне сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездеседі, –  делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың демалыс күндерін қайда өткізгені хабарланған жоқ. Былтыр Қасым-Жомарт Кемелұлы төрт күнге алған еңбек демалысын елімізде өткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама