×

Батыс Ресейді қолдағаны үшін Түркияға санкция салуы мүмкін

Ердоған газға төлемді «рубльмен» жасауға келіскен

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 09:18
фото: zn.ua

Батыс Түркияға Ресейді қолдауын қоймаса санкция салатынын ескертті.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Батыс елдері Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Ердоғанның бір-бірімен жақындасып бара жатқанына алаңдап отыр. Егер Түркия санкцияны айналып өтіп, Ресейге көмек беретін болса, бұл елге санкциялар салынады, – деп жазды «Financial Times» басылымы.

Басылымның хабарлауынша, Батысты Ердоғанның Сочиде Путинмен өткізген 4 сағаттық әңгімесінде берген уәдесі алаңдатады. Мәселен, түріктің бес банкінің «Мир» картасын қабылдап, екі ел арасындағы өзара тауар айналымын 3 есеге дейін көтеріп, жылына 100 млрд долларға дейін жеткізу мәселесі.

Бұдан басқа, РФ вице-министрі Александр Новак айтқандай, Ердоған Ресей газына төлемді «рубльмен» жасауға, сөйтіп, осылай өз тұтынымының ширек бөлігін жабуға келіскен екен.

Шілде айында ғана Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо бастаған америкалық шенеуніктер делегациясы Түркияға жасаған сапары кезінде жергілікті шенеуніктер мен банкирлерді Ресейдің ақшасын алмау керектігін ескерткен болатын.

Егер сол ескертуден ешқандай нәтиже шықпаса, Батыс компаниялары Түркия жерінен кететін болады. Бұдан басқа, батыс банктері түрік контрагенттерімен қаржылай келісім жасасудан бас тартулары мүмкін. Мұның өзі Түркияның инфляциясы 80 пайыз шамасына жеткен және сыртқы қарызы 451 млрд долларға барған әлжуаз экономикасына соққы болып тиеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама