×

Қытайда енді емі жоқ вирус тарап жатыр

Симптомдарына коронавирустікі сияқты қызу, шаршау, жөтел, анорексия, миалгия, жүрек айнуы және құсу жатады

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 17:29
фото: ашық дереккөз

Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында «Ланъя» генипавирусы деген жаңа вирус анықталды. Ғалымдар жануарлардан тараған деп болжап отырған ол індетті қазірдің өзінде 35 адам жұқтырған.

«Ланъя» симптомдарына да коронавирустікі сияқты қызу, шаршау, жөтел, анорексия, миалгия, жүрек айнуы және құсу жатады екен.

Ғалымдар жаңа вирустың Нипаға ұқсас екенін атап өтті. Бұл – әлемдегі емі жоқ ең қауіпті вирустардың бірі. Өлім деңгейі 40-75%-ға дейін болады. Бұл жағдайда инфекциялар өлімге әкеледі немесе өте ауыр болады.

«Ланьяның» адамнан адамға жұғатын-жұқпайтыны әлі белгісіз. Ал жануарлардан көбінесе бұзауларда болса, вирусқа антиденелер ешкі мен иттен табылды.

«Біз бұл жаңа вирусқа қырағы болуымыз керек. Бірақ дүрбелең тудыру қажет емес», - дейді Сингапур ұлттық университетінің профессоры Ван Линфа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама