×

9 өңірде полиция департаменттерінің басшылығы ауысты

Олардың арасында ІІМ орталық аппаратында еңбек еткен мамандар да бар

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 13:50
Фото: polisia.kz

Алматы, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстарында полиция басқармаларының басшылығы ауысты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

  • Абай облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне Берік Амангелді тағайындалды. Бұрын ол Атырау облысы ПД-да жұмыс істеген. Сонымен қатар өңірдегі ПД басшысының орынбасары қызметін Нариман Кульдиков пен Елдос Закимов атқарады. Олар осыған дейін ШҚО ПД-да еңбек еткен.
  • Алматы ПД басшысының орынбасары болып Дидар Аханов тағайындалды. Бұрын ол аудандық полиция басқармасын басқарған.
  • Атырау облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев болды. Осыған дейін ол Түркістан облысы ПД-да жұмыс істеген.
  • Жамбыл облысы ПД басшысының орынбасары болып Нұрғали Қасенов тағайындалды. Ол ІІМ орталық аппаратында еңбек еткен.
  • Жетісу облысы ПД басшысының бірінші орынбасары міндетін Жасұлан Байкенов атқарады. Ол да ІІМ орталық аппаратынан.
  • Қостанай облысы ПД басшысының бірінші орынбасары қызметіне Алексей Милюк барды. Осыған дейін ол ІІМ орталық аппаратында жұмыс істеген.
  • Түркістан облысы ПД басшысының бірінші орынбасары – Бағланбек Айтпаев. Ол да ІІМ орталық аппаратынан. Сондай-ақ аталған өңірде ПД басшысының орынбасары болып Меруерт Әбдіқадырқызы тағайындалды. Бұрын ол басқарма басшысы міндетін атқарған.
  • Ұлытау облысы ПД басшысының бірінші орынбасары болып Мұрат Алтаев тағайындалды. Осыған дейін ол Шымкент ПД-да еңбек еткен.
  • Сонымен қатар Орал қаласы полиция департаменті басшысы Сағындық Аяғанов болды. Бұрын ол Алматы ПД-да жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама