×

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Ол Өзбекстанда елші қызметін атқарған

 Дәурен Ерболат 06.08.2022 | 13:45
Скрин: видео

АҚШ Сенаты Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Дэниел Н. Розенблюмнің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021 жылғы қазаннан бастап АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнын басады.

2019 жылғы 9 мамырда Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметіне тағайындалған еді.

2014-2018 жылдары ол Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Оның міндетіне Орталық Азиядағы бес мемлекетпен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірген

Серіктес жаңалықтары

Сараптама