×

Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалуына қатысты мәлімдеме жасады

 Халық үні 06.08.2022 | 06:31

Қазақстаннның Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалуына қатысты мәлімдеме жасады.

4 тамызда экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз, - делінген СІМ ресми хабарламасында.

Сыртқы саяси ведомствосы халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді деп көрсетті.

Біз Әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз, - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама