×

Қазақ спортшысы екінші рет АҚШ чемпионы атанды

Былтыр ол бір алтын мен төрт күміс жүлдені жеңіп алған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 05.08.2022 | 15:15
фото: ашық дереккөз

2-5 тамыз аралығында Цинциннати қаласында байдарка мен каноэде есуден АҚШ ашық чемпионаты өтті.

Оған Қазақстан атынан 22 жастағы спортшы Әнуар Акчурин қатысты. 

Осы жарыста ол екінші рет АҚШ чемпионы атанды. 2021 жылы бір алтын және төрт күміс медальді жеңіп алған болатын. Бұл жолы 200 метр қашықтықта ол басқа спортшыларды артта қалдырып, мәреге бірінші болып келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама