×

Конфедерация лигасы: Қазақстан командалары қарсыластарынан ұтылды

Келесі ойындар 11 тамызда болады

 Дастан Жұмабекұлы 05.08.2022 | 10:03
фото: prosports.kz

Осы күндері футболдан өтіп жатқан УЕФА Конференция лигасында Қазақстанның екі командасы алғашқы матчтарын өткізді. Петропавл қаласының «Қызылжар» клубы мен Қостанайдың «Тобыл» командасы қарсыластарымен сырт алаңда кездесті.

«Қызылжар» Кипрдың АПОЭЛ жасағымен ойнап, 0:1 есебімен ұтылды. Қостанайдың «Тобыл» командасы да алаң иелерінен осыншама есеппен жеңіліп қалды.

Никосия қаласындағы «ГСП арена» стадионында өткен матчта жалғыз голды АПОЭЛ клубының капитаны Гиоргос Эфрем соқты. Ол 27 минутта есеп ашты.

Осы матчтан кейін «Қызылжардың» бас жаттықтырушысы Әли Әлиев ойын командаға алғысын білдірді.

Кешегі баспасөз жиынында АПОЭЛ командасына мықты ойыншылар жиналғанын айтқанмын. Олар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Біздің де стратегиямыз болды. Оны екініші ойынға қалдырамыз.

Келесі ойында екі командада да мүмкіндік бар. Бәрі болуы мүмкін. Бір аптадан кейін қалай ойнайтынымызды айта алмаймын. 

АПОЭЛ өз алаңында жақсы ойнады. Бұл жекелей мықты ойыншылардан құралған команда. Сонықтан олардың алаңында ашық футбол ойнау өліммен тең, - деді Алиев матч туралы.

Енді келесі кездесу араға апта салып 11 тамыз күні «Астана Аренада» өтеді. Егер «Қызылжар» плей-офф раундына шықса, ол кезеңде «Сфынтул Георге» (Румыния) – «Юргорден» (Швеция) командаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстан чемпионы «Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу айналымында босниялық «Зриньски» клубынан 0:1 есебімен ұтылғанын айттық. Бұл матчта 76 минутта Нико Янкович бұрыштамадан допты ойынға қосып, қақпаның торына тоғытты. 55 минуттан бастап алаң иелері сапында Йосип Чорлука қызыл қағаз алған соң, босниялықтар бір футболшыға кем ойнаған. Соның өзінде Милан Милановичтің жасағы басымдықты пайдалана алмады. Оның үстіне ойын бітуге жақын қалғанда 84 минутта «Тобыл» қорғаушысы Жарко Томашевич төрешімен дауласқаны үшін алаңнан қуылды.

Келесі ойын 11 тамызда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама