×

Экология министрі утиль алым мөлшері қашан бекітілетінін айтты

Министрдің айтуынша, «Жасыл Даму» АҚ утиль төлемдерді қабылдап жатыр

 Халық үні 02.02.2022 | 13:14
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бүгінгі Мәжіліс отырысында автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утиль алымына жаңа ставкаларды бекіту жұмыстары қай кезеңде екенін айтты.

Министрдің айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы ставкалар бойынша өз есептеулері мен коэффициенттерін ұсынады. Соын қоғамдастықпен келісілгеннен кейін, Экология министрлігі оны бекітеді.

Қазір «Жасыл Даму» АҚ серверлері іске қосылып, толыққанда қызмет етіп тұр. Утиль төлемдер қабылданып жатыр, - деді Экология министрі.

Министрлікте заңгерлік блок, цифрлық технология департаменті, бюджеттік жоспарлау өкілдерінен құралған комиссия құрылған. Олар «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның қызметіне сәйкес қаражаттың кірістер мен шығыстарды қарап жатыр. Қазір екінші деңгейлі банктер шоттарында 220 млрд теңге бар, бір бөлігі ұлттық валютада болса, қалған бөлігі доллармен.

«Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, жақын арада автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасына утиль алым ставкасын бекітеміз», - деді ведомство басшысы.

Қаңтардың 18-інде Үкімет утилизациялық алым бойынша қаулы қабылдап, «ӨКМ Операторының» утилизациялық алымды басқару қызметі тоқтатылды. Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама