×

Астанада тұрмысы төмен адамдар азық-түлікті арнайы картамен сатып алады

160 мыңға жуық адамды қамту көзделген

 Динара Амантай 03.08.2022 | 17:34
www.facebook.com

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік арнайы карта арқылы өткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында айтты.

Қазіргі кезде «Магнум» ЖШС-мен бірлесе «Сусын» картасы бойынша арзандатылған тауарды өткізудің қанатқақты жобасын пысықтап жатырмыз. Яғни оларда өздерінің карталары бар. Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін енгізбекпіз. Бұл тұрғыда 160 мыңға тарта адам бар, – деді Ержан Балтаев.

Оның айтуынша, аталған карта арқылы азық-түлік өнімдерін осы санаттағы адамдар ғана алады.

«Ал табысы жеткілікті деңгейдегі адамдар өнімді нарық бағасымен сатып алады. Атап айтқанда, қаралып отырған бұл қадамдар арзандатылған тауарды халықтың әлеуметтік осал топтарына өткізуге мүмкіндік береді», – деді басқарма басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтардың 1,3 пайызы күні бойы аш жүруге мәжбүр екенін жаздық. Сонымен бірге шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өскенін хабаралаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама