×

Грек-рим күресі: Қазақстан халықаралық турнирде бес алтын жүлде алды

Сонымен бірге балуандар төрт күміс, бір қола жүлдені иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Румынияның Бухарест қаласында грек-рим күресінен ­өткен халықаралық турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы бес алтын медальді жеңіп алды.

Турнирде Айдос Сұлтанғали (60 кг), Ернұр Фидахметов (63 кг), Ибрагим Магомадов (72 кг), Тамерлен Шадукаев (77 кг) мен Мирас Баршылықов (82 кг) жеңімпаз атанды. Ғалым Қабдұнасыров (63 кг), Ерұлан Ысқақов (97 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) күміс жүлде иеленсе, Шамил Батыров (82 кг) қола медальді қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама