×

Теннис: жасөспірімдер әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Бүгін құрама ширек финалға шығу үшін Италия командасымен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 11:21
фото: ktf.kz

Чехияның Простеев қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты (2022 ITF World Junior Tennis Finals) болып жатыр.

Жарыстың екінші күні Қазақстан командасы 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентина құрамасын ұтты.

Бұл туралы Теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстан құрамасында үшінші номерлі ойыншы Даниэль Тазабековті маңызды екі ұпайды әперді. Ол әуелі жекелей, сосын жұптық бәсекеде жеңіске жетті. Тазабеков ойын тізгінін уысынан шығармай, 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы Аргентина құрамасының көшбасшысы Данте Паганимен ойнады. Бірінші партияда Заңғар 6:2 есебімен басым түсті. Алайда қалған екі сетте аргентиналық теннисші сәтті өнер көрсетті. Есеп - 6:1, 6:1.

Матчтың тағдыры жұптық бәсекеде шешілді. Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Данте Пагани – Бенджамин Челиядан айласын асырды. Есеп – 6:1, 6:4.

Осылайша, теннисшілеріміз қарсылас команданы 2:1 есебімен жеңді.

Бүгін құрама ширек финалға шығу үшін Италия командасымен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама