×

Қытай армиясы Тайваньдағы 6 ауданда әскери жаттығу жариялады

ҚХА атыс жаттығуларын да өткізеді

 Халық үні 03.08.2022 | 08:14
фото: media.az

Қытайдың халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады.

Онда аралға сапары «Тайвань демократиясын» қолдаудағы «Американың адалдығы» екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама