×

АҚШ Тайваньға жақын жерге өз әскерилерін әкелді

Бүгін кешке Нэнси Пелоси аралға баруы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 17:22
фото: kommersant.ru

АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің төрт кемесі Тайваньның шығысына келді.

«Америка дауысы» агенттігінің хабарлауынша, бұл шара Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің қауіпсіздігіне қатысты жасалып отыр.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің өкілдері қазірдің өзінде «USS Ronald Reagan» кемесі Оңтүстік Қытай теңізінен өтіп, Тайваньның шығысында тұрғанын хабарлады.

Қытай да АҚШ-қа қыр көрсетіп, Тайваньға жақын орналасқан Фуцзянь провинциясында әскери жаттығулар жасап жатыр.

Бұған дейін Нэнси Пелоси Азияның бірқатар еліне баратынын айтқан еді. Бұл тізімде Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия мен Сингапур бар. Оның Тайваньға баратыны ресми хабарланбады.

 Егер АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Тайваньға барса, Қытай әскери күш қолданатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама