×

Тоқаевтың сынынан кейін Ақордаға баратын жол жабылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2022 | 16:22
фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік ел даңғылы жабылды.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 2-8 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік ел даңғылының Достық пен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскесі толығымен жабылды.

Жөл жөндеу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдың сапасына көңілі толмайтынын, тіпті Ақордаға апаратын жолдың өзі құрақ көрпеге ұқсайтынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама