×

Қытай қарулы күштерін әлемдегі ең мықты әскерге айналдыруға кірісті

Жаңа доктринаға сәйкес, әскер аймақтық қорғаныстан майдан алаңында әрекет етуге күш салмақ

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөз

Қазір Қытай өзінің қарулы күштерін ерекше күшейтіп жатыр. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ мәлімдеді.

Бейжің қолға алған бұл шараны 2035 жылға дейін аяқтамақ. Ал 2050 жылға қарай қарулы күштерін әлемдегі ең мықты әскерге айналдыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ жаңа доктринаға сәйкес, әскер аймақтық қорғаныстан майдан алаңында әрекет етуге күш салынатын болды.

Еске сала кетсек, Қытай Халық-азаттық армиясы саны жағынан әлемдегі ең үлкен әскер саналады. Сарбаздар сапында қазір 2 миллионнан аса жауынгер бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама