×

Елордада жаңбыр жауып, көшелерді су басты

Елорданың су басқан көшелері мен суды кешіп жүрген адамдар көрсетілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

 Халық үні 02.08.2022 | 06:25

Жаңбырдан кейін елорда көшелерін су басты. 

Елорданың су басқан көшелері мен суды кешіп жүрген адамдар көрсетілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, суды соруға 50-ден астам техника жұмылдырылған. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту бойынша жұмыстарды қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізуде.

Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаскеде нөсер суды айдайтын кәріздер салу есебінен су басу мәселесі шешілді. Сонымен қатар, 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды, 1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 км коллектор тазартылса, 6,5 мың құбыр буландырылды, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы Дала даңғылында және т.б. нөсер кәрізінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама