×

БҚО-да жол апатынан 9 жастағы бала қаза тапты

Тағы екі адам зардап шекті

 Динара Амантай 01.08.2022 | 14:38
Фото: turkystan.kz

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07.50-де Ақжайық ауданы аумағында болған.

Орал-Атырау жолында Тайпақ ауылы тұсында жүргізуші рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған. Салдарынан 2013 жылғы бала оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты. Жол апатынан тағы екі адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша 1976 жылғы әйел бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, сол аяғы жырылған. 1996 жылғы қыз да бас пен мидың жабық жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса жұмсақ тіндері көгерген, – делінген хабарламада.

Қазір болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама