Ол бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды
Ақордада Мұрат Нұртілеуді тағайындау туралы жарлық шықты.
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалсын, – делінген құжатта.
Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Сондай-ақ бүгін Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды, ал Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин өз еркімен орнын босатты.
МҰРАТ НҰРТІЛЕУ
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдады.
1998-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2007-2011 жылдары – Сенат аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті;
2014-2016 жылдары – Президенті әкімшілігінде қызмет істеді;
2016-2019 жылдары – Қазақстанның Финляндиядағы және оған қоса Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болды;
2019-2021 жылдары – Президент көмекшісі;
2021-2022 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
«Құрмет» орденімен наградталған.