×

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар оны жасырын дауыс беру арқылы сайлады

 Ербол Тұрымбет 01.02.2022 | 10:59
коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс отырысында Қошановты бұл лауазымға депутат, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыров ұсынды. Бірауыздан сайланған Ерлан Қошанов өзіне артылған сенім үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ

1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесарі, шебері болып істеді.

1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.

1995-1999 жж. – Сенат депутаты.

1999-2001 жж. – Парламенттегі үкімет өкілі.

2001-2003 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Парламенттегі үкімет өкілі.

2003-2006 жж. – Көлік және коммуникация вице-министрі.

2006-2007 жж. – Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2007-2012 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Парламенттегі үкімет өкілі.

2012-2017 жж. – Премьер-министр кеңсесінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.

2019 жылғы 18 қыркүйек күні Мемлекет басшысының жарлығымен Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама