×

Мұрат Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Ол бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды

 Халық үні 01.02.2022 | 11:50
коллаж: Halyq Uni

Ақордада Мұрат Нұртілеуді тағайындау туралы жарлық шықты.

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалсын, – делінген құжатта.

Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Сондай-ақ бүгін Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды, ал Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин өз еркімен орнын босатты.

МҰРАТ НҰРТІЛЕУ

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдады.

1998-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;

2007-2011 жылдары – Сенат аппаратының басшысы;

2011-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті;

2014-2016 жылдары – Президенті әкімшілігінде қызмет істеді;

2016-2019 жылдары – Қазақстанның Финляндиядағы және оған қоса Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болды;

2019-2021 жылдары – Президент көмекшісі;

2021-2022 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары;

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

«Құрмет» орденімен наградталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43