×

«Ол кезде билік халықты сатты». Ринат Заитов қаңтар қырғыны жайлы шындықты жайып салды

Ақын ұзақ уақыт айтысқа шықпай кеткен болатын

 Бауыржан Мұқанов 31.07.2022 | 15:19
сурет: бейнеден скрин

«Тұғыры биік Тарбағатай» атты өнер және спорт фестивалінде Ринат Заитов қаңтар қырғыны жайлы шындықты жайып салды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ринат Заитов өнер фестивалінде айтыскер ақын Біржан Байтуовпен айтысты.

«Ай, Ринат, шыңға біткен шынарсыңдар,
Кей кезде көз байлайтын тұмансыңдар
«Нұр Отанды» айттың-ау, басқасын да,
Неге сонша бізді әкеп сұғарсыңдар.
Мен ерсем, өз патшамның соңына ердім,
Оған несін жерік әкеп тығарсыңдар
Сен құсап Қосановқа ерген жоқпын,
Осыдан-ақ ойымды ұғарсыңдар
«Нұр Отаның» «Аманат» боп кетті ғой деп,
Әйтеуір әңгімені бұрарсыңдар.
Өз қазағың емес пе соның бәрі,
Қазақты несін орға жығарсыңдар
Апырай қолдарыңа билік берсе,
Бәрімізді аямай қырарсыңдар
800 мың мүшесін «Нұр Отанның»,
Шетінен халық жауы қыларсыңдар», – деді Біржан Байтуов.

Оған Ринат Заитов былай деп жауап берді: 

«...Қосановтың жайын айттың қайта маған
Оған менің маңдайым шертілген жоқ.
Қосанов сайлауда, рас, бір алдады
Одан басқа зиянын келтірген жоқ. 
Сенің Елбасың сияқты Біржан досым
Алтынбек, Заманбекті өлтірген жоқ. 
Дулат Ағаділдерді аттырған жоқ,
Қазақтың байтақ жерін саттырған жоқ.
Кәсіпкерлер бастаған жұмыстарды
Туыстары тартып алып жаптырған жоқ. 
Қосанов халықты бір лақтырғанмен, 
Назарбаевтай отыз жыл лақтырған жоқ...», – деп толғады ақын.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ақпанда Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама