×

Щучье қаласында әскери колледждің студенті жарақат алды

Қорғаныс министрілігінің Әскери колледжінің курсанты жарақат алды

 Халық үні 31.07.2022 | 12:59
Фото: ашық дереккөздерден

Оқиғаны Қорғаныс министрлігі растады, бірақ оқиғаның анық-қанығын айтпады.

Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан.

Биыл 31 шілдеде ҚР ҚМ Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді, - делінген ақпаратта.

ҚР Қылмыстық іс жөніндегі кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтыны айтылды.

Бұған дейін Қазақстан армиясында екі әскери қызметші асылып қалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама