×

Шахмат Олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы қарсыластарын жеңді

Қазақстандықтар Гватемала шахматшыларынан 4:0 есебімен басым түсті

 Халық үні 30.07.2022 | 16:07
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандық шахматшы қыздар Олимпиаданы сәтті бастап, Гватемала құрамасын жеңді.

Жеңіске жеткен шахматшылар: Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.

Екінші турда біздің қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі.

Қазақстанның ерлер құрамасы да Тайвань шахматшыларын жеңді: Әлішер Сүлейменов пен Қазыбек Нөгербек қарсыластарын жеңсе, ал Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түсті. Судья қазақстандықтардың жеңісін 3:1есебімен тіркеді.

Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама