×

Ақша бермесең азаматтық алу қиын - қандастар шу шығарды

Отанына оралған қандастар ел азаматтығын растайтын құжатты ала алмай жүргеніне бір жыл болған 

 Халық үні 30.07.2022 | 11:37
Фото: ашық дереккөздерден

КТК телеарнасының мәліметінше, Салтанат Телешбаеваны мемлекеттік емханалар тіркеуге алмайды. Басы ауырып, балтыры сыздаса келіншек үйінде емделуге мәжбүр. Үш баласын да жекеменшік балабақша мен мектепке берген. Себебі Өзбекстаннан қоныс аударған әйел азаматтық ала алмай жүр.

 Жекеменшікке барамыз. Басқа жер бізді қабылдамайды. Емделудің өзі қиын. Босандым. Оны да жекеменшікке бардық. 300 мың теңге кетті. Үкіметтің перзентханасына бару үшін құжатымыз жоқ. База істемей жатыр деп бір жыл жүрді. Сосын келдік. Бір жетіден кейін келіңдер. Бір жетіден кейін келеміз. Ертең келіңдер дейді. Сол айтатын әңгімелері, - дейді Салтанат Телешбаева.

Қандастардан құжат қабылдайтын жерде күнде айғай-шу. Өйткені, қызметкер жетіспейді. Оған қоса, жүйе де жиі істен шығатынын көші-қон қызметінің өкілдері жасырмайды.

 Азаматтық алу екі айға созылу керек. Бірақ базаға байланысты созылып кеткен. Ыхтияр хат пен азаматтыққа жауапты қызметкер өзінің өтініші бойынша жұмыстан шеттетілді. Жақын арада орнына адам келеді. Оны басшы құрамы жақын арада шешеді деп ойлаймын, - дейді Жамбыл аудандық көші-қон қызметінің аға инспекторы Бақберген Тәттібаев.

Жамбыл ауданында ыхтияр хат, қандас мәртебесі мен азаматтық алу машақатын жіпке тізген ағайын Ішкі Істер министріне хат жазды. Олар Марат Ахметжановтан аудандағы көші-қон қызметінің жұмысын реттеп беруді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама