×

Қытай армиясының басшылығы «соғысқа дайындалуға» шақырды

Қытай армиясының кейбір ардагерлері елге қажет кезде ҚХА-ға оралуға әрқашан дайын екендіктерін айтты

 Халық үні 30.07.2022 | 05:52
© Facebook/Cathay.military

Қытай Халық азаттық-армиясының (ҚХА) басшылығы сарбаздарды «соғысқа дайындалуға» шақырды. Бұл туралы Weibo әлеуметтік желісіндегі ҚХР 80-ші Құрама қарулы армиясының аккаунтында қысқаша хабарлама жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап.

«Соғысқа дайындалыңыз!» тақырыбындағы екі иероглифтен тұратын жазба АҚШ өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жоспарланған сапары аясында 12 сағат ішінде 300 мыңнан астам лайк пен 19 мың пікір жинады.

Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушылары бұл үндеуін қолдап, тиісті пікірлерін қалдырып жатыр: «ҚХА сарбаздары, шайқасыңыздар! Біз сіздерді қолдаймыз, жігіттер», - деп пікір қалдырған олар. 

Қытай армиясының кейбір ардагерлері елге қажет кезде ҚХА-ға оралуға әрқашан дайын екендіктерін айтты.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескен кезде Қытай сепаратизмге және «Тайвань тәуелсіздігіне», сондай-ақ сыртқы күштердің кез келген араласуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.

Бұған дейін Қытайдың Гуандун провинциясы жағалауында Оңтүстік Қытай теңізінде екі күндік әскери жаттығуларын бастағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама