×

Самат Әбіштен Мәсімовтің ісіне қатысты жауап алынды

Ол куәгер ретінде тергеуден өтті

 Дастан Жұмабекұлы 29.07.2022 | 15:10
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсізідк комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш куәгер ретінде Кәрім Мәсімовтің және басқа да айыпталушылардың істері бойынша тергеуден өтті.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Әбіштен Қ. Қ. Мәсімовке, А. Т. Садықұловқа, Д. Е. Ерғожинге, М. С. Осиповке және басқа да 175-баптың 1-бөлігінде, 179-баптың 3-бөлігінде, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағында, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді Ұлттық қауіпсіздік органдары тіркемеді. Бұлтартпау шарасы таңдалмады, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасаған порталдың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама