×

Жезқазғанда бензин талонмен сатылып жатыр

Тұрғындар төрт күннен бері қалада бензин жоқ екенін айтты

 Халық үні 28.07.2022 | 16:36
фото: ашық дереккөз

Жезқазған мен Сәтбаев қаласының тұрғындары төрт күннен бері бензин таппай сабылып жүр. 25 шілде қалада дизель отыны мен газ сатылған. 27 шілдеден бері АИ-92 бензині талонмен сатылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«25 шілдеде бензин мүлде болмады. Кеше алған жоқпын. Бүгін шықсам тағы да бензин жоқ. АИ-92 маркалы жанармай тек талонмен ғана беріледі. Өкінішке қарай газ жоқ», - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Шамбұлxан Бірімжанов.

Әлеуметтік желіде қаладағы жанармай құю бекеті маңында көліктердің ұзын-сонар кезекке тұрғаны түсірілген видео тарады. Ал қала әкімдігі жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ екенінен хабардар екенін жеткізді.

Жұмыс істеп жатырмыз, оған Ұлытау облысы әкімдігі де қосылды. Әр вагонмен жеке айналысу керек болып тұр, - деп xабарлады қала әкімдігі.

Қазір Жезқазған станциясында 5 вагон тұр, маневрлік құрам жөнделіп жатыр. Енді жанармайды бензин таситын көліктерге тиеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Ал оған дейін бір көлікке 10 литрден артық бензин құймайды.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері өңірде бензин тапшылығы бар. Оған Павлодар жөнелту станциясындағы кідіріс себеп болды.

Әйгерім XАМИТ, Ұлытау облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама