×

Астанада балалар ойнайтын ауладан адамның мәйіті табылды

 Ол футбол алаңының жанында иістеніп кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2022 | 15:19
Көрнекі фото

Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар ойнайтын ауладағы футбол алаңынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

26 шілде күні сағат 10.11-де «102» телефон номеріне Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама