×

«Әділдік жолы» өкілдері қызылордалық белсенділермен кездесті

Кездесуге Қызылорда облысының баспасөз қызметкерлері, блогерлері мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты

28.07.2022 | 10:52
фото: Halyq Uni

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігнің атқарушы директорының орынбасары Нұрлыбек Мұқанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігнің атқарушы директорының орынбасары Нұрлыбек Мұқанов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында алғашқы кездесуін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевпен ANTIKOR орталығында өткізді.

«Әділдік жолы» РҚБ өкілі келесі кездесуін Қызылорда филалының Қамқоршылық кеңесінің кандиттарымен «Достық» үйінде, одан соң Қызылорда облысы әкімдік ғимаратында Қызылорда облысының бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбековамен өтті.

Одан кейін облыстағы «Достық» үйінде облыстың жол құрылысына және тасымалына қатысты басқарма басшылары, ауданның жауапты орынбасарлары, жол құрылысымен айналысатын кәсіпкерлермен жиналыс өтті. Жол құрылысындағы өзекті мәселелер қозғалып, талқыланды.

Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу мақсатында AMANAT партия филиалының жастарымен, кешкісін Қызылорда облысының баспасөз қызметкерлері, блогерлері мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама