×

Ресей Омбыдан Нұр-Сұлтанға жолаушы тасымалдауды қолға ала бастады

Қазақстан астанасы Red Wings компаниясының Омбыдан жасалатын алғашқы халықаралық бағыты болады

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2022 | 15:35
фото: ашық дереккөз

Ресейлік Red Wings әуекомпаниясы тамыз айында Омбыдан Нұр-Сұлтанға рейстер ашылатынын хабарлады.

Нұр-Сұлтан-Омабы-Нұр-Сұлтан» рейстері 9 тамызда ашылады және Sukhoi Superjet 100 әуе кемесі сейсенбі мен бейсенбі күндері ұшады. Ал Қазақстан астанасы Red Wings компаниясының Омбыдан жасалатын алғашқы халықаралық бағыты болады, - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, келесі айдан бастап Red Wings Нұр-Сұлтаннан Ресейдің 5 қаласына жолаушы тасымалдайды. Сонымен қатар Мәскеу («Жуковский» әуежайы), Екатеринбург, Қазан мен Уфаға рейстер ашылады.

Еске сала кетсек, Red Wings ірі ресейлік әуекоманияларының ондығына кіреді. Ұшақ тұрақты және чартерлік рейстермен жолаушы тасымалдайды. Компанияның базалық әуежайлары – «Жуковский», «Домодедово», «Кольцово» (Екатеринбург), «Баландино» (Челябинск) мен Махачкала әуежайы.

17 шілде күні Red Wings «Нұр-Сұлтан – Қазан» рейсін ашқан болатын. Sukhoi Superjet 100 аптасына бір рет Татарстан астанасына қатынап отырады.

Сондай-ақ 22 шілдеде «Россия» әуекомпаниясы «Нұр-Сұлтан – Красноярск» әуе рейсін орындауға кірісті. Оған да Sukhoi Superjet 100 аптасына 3 рет – дүйсенбі, жұма мен жексенбі күндері ұшады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама