×

Киіктер 5 өңірдің 261,7 мың гектар егістігін таптап кеткен

Киік тұяғы астында егіні жарамсыз болып қалған ең үлкен алқап Ақмола облысында

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2022 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарының шаруалары зардап шегіп отыр.

Мысалы, киіктер Батыс Қазақстан облысы шаруа қожалықтарының 1 029,9 мың гектар жайылымын, 34,7 мың гектар шабындығын, 6,7 мың гектар егістік, 7,1 мың гектар қарақұмық, 12,5 мың гектар майлы дақылдар алқабын бүлдірген.

Сондай-ақ Қарағанды облысында 23,2 мың гектар егістік, 1,2 мың гектар қарақұмық, 5,1 мың гектар дәнді дақылдар алқабы жарамсыз болып қалды.

Ал киік тұяғы астында егіні жарамсыз болып қалған ең үлкен алқап Ақмола облысында – 141,9 мың гектар. Сонымен қатар, бұл өңір 0,9 мың гектар алқаптағы қарақұмық өнімінен қағылып отыр.

Ақтөбе облысы да биыл біраз өнімінен айрылған. Өңірде 40,3 мың гектар егістік, 1,1 мың гектар қарақұмық, 9,4 мың гектар мақсары, 1,5 мың гектар жүгері, 5,4 мың гектар майлы дақылдар алқабы жарамсыз болып қалды.

Қостанай облысының шаруалары болса, 49,6 мың гектар егістік, 2,3 мың гектар қарақұмық, 8,3 мың гектар мақсары, 0,2 мың гектар сұлы, 0,3 гектар зығыр, 0,4 гектар еркекшөп алқабынан өнім ала алмайды. Сонымен қатар өңірде 20,5 мың гектар жайылым жер бүлінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама