×

Елордалық өрт сөндірушілер лифте қамалып қалған әйелді құтқарды (ВИДЕО)

Өрт сөндірушілер жедел сатыда электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады

 Қанат Атаманов 26.07.2022 | 22:30
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін, 26 шілдеде сағат 15:20-да елордалық құтқарушылар Нұр-Сұлтан қаласының Айнакөл көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде лифтінің өртенгені жөніндегі хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жедел сатыда электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады.

12 және 13 қабат аралығында жеделсатының ішінде 1957 жылы туған әйел адамның қалып қойғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді жұмыстарының арқасында әйел адам аман-есен жеделсатыдан алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылған.

Осылайша, елордалық №10-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жанат Шалтаев пен өрт сөндірушісі Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз атқарып, адам өмірін сақтап қалды.

Құтқарылған азаматшаның қызы жедел көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға өз алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама