×

Ресейлік бизнесмен қазақстандық екі ірі теміржол компаниясын сатып алды

Бұл компаниялар белгілі қазақстандық кәсіпкер – ҚР тұңғыш президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі

 Қанат Атаманов 26.07.2022 | 20:30
Фото: ашық дереккөздерден

Ресейлік инвестор және бизнесмен Алексей Лебедевтің құрылымдары басқаратын консорциум қазақстандық «Қамқор Локомотив» ЖШС және «Қамқор Вагон» ЖШС сатып алады, деп хабарлайды logirus.ru

Бұл компаниялар белгілі қазақстандық кәсіпкер – ҚР тұңғыш президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Компаниялар Қазақстанның ірі локомотив және вагон жөндеу кәсіпорындары мен деполарын біріктіреді. «Қамқор Локомотив» ЖШС ел аумағындағы барлық темір жолдары желісінде орналасқан 11 филиалы, 2 сервистік орталығы, 4 өндірістік учаскесі бар. Қызметкерлер саны 5000-нан астам. Ал «Қамқор Вагон» ЖШС жүк вагондарына деполық және күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Алексей Лебедев сатып алынатын кәсіпорындардың техникалық жағдайын жоғары бағалады. Ал алдағы жылдардағы басты міндет – сатып алынатын активтердің технологиялық әзірлемелерін, кадрлық әлеуетін және коммерциялық бейінін сақтау. Инвестор болашақта компанияларды дамыту, жұмыс тәжірибесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, бірыңғай ақпараттық орта құру жоспарланып отыр, - делінген жарияланымда.

Алексей Лебедев «Ресей темір жолдары» жүйесінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Қызметінде дирекция бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Соңғы жылдары ол өнеркәсіптік-инвестициялық жобалармен айналысып, өнеркәсіптік кәсіпорындарға кешенді логистикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін «МТ өнеркәсіптік оператор» экспедиторлық компаниясын басқарады.

Біз бұған дейін Мәжіліс депутаты Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың Ресейге сатылып жатқанын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама