×

Мәжіліс депутаты Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың Ресейге сатылып жатқанын айтты

«Қамқор Локомотив» ЖШС-ның Қазақстанның барлық теміржол желісінде 11 филиалы бар

 Халық үні 25.07.2022 | 14:43
коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров белгілі қазақстандық кәсіпкер – ҚР тұңғыш президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың ресейлік бизнесменге сатылып жатқанын алға тартып, бұл мәміленің заңдылығымен құзырлы органдар айналысуға тиіс екенін айтты.

«Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты. «Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады. Бұл мәселе бойынша - мәміленің заңдылығымен құзырлы органдар айналысуға тиіс деп есептеймін», - деп жазды депутат.

«Қамқор Локомотив» ЖШС-ның Қазақстанның барлық теміржол желісінде 11 филиалы, 2 сервистік орталығы, 4 өндірістік учаскесі бар. Қызметкерлер саны 5000-нан астам.

«Қамқор Вагон» ЖШС серіктестік вагондардың және олардың тораптарының жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында замануи технологияларды қолданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама