×

Қуаңшылық күтілген Маңғыстау облысында нөсер соңы селге ұласты

Жергілікті тұрғындар ашық аспан астына жиналып, Құдайдан жаңбыр сұрап, тасаттық берген болатын

 Еркеғали Болатұлы 26.07.2022 | 09:23
фото: Lada.kz

Кеше Маңғыстау облысында нөсер жауынның соңы селге ұласты. Соның салдарынан Ақтаудан 68 шақырым жердегі «Көгілдір айлақ» демалыс аумағына қыдырып барғандар «топан судың» құрсауында қалған.

Көліктері батпаққа батып қалған демалушыларды Түпқараған аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері селден аман алып шықты. Құтқарылған 10 адамның арасында 2 бала бар.

Сайын Шапағатов ауылдық округі аппараты ұйымдастырған арнайы техника 4 автокөлікті сүйреп шығарды. Сонымен қатар, Ақтау қаласынан тағы да қосымша шыққан «АСА-20» арнайы техникасы оқиға орнына барып, көгілдір аймаққа барар жолдағы 2 автокөлікті шығарды. Жағдай қазір бірқалыпты, - деді Түпқараған аудандық ТЖБ бастығы Жолдыбек Бисенбеков.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер осы айда Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандарында қуаңшылық болатынын болжаған еді. Одан бөлек, жергілікті тұрғындар ашық аспан астына жиналып, Құдайдан жаңбыр сұрап, тасаттық берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама