×

18 жастағы боксшы спаррингтен кейін қайтыс болды

Ол кәсіпқой спортта екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген еді

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 18:10
фото: metaratings.ru

Нигериялық боксшы Миракл Амаезе спаррингтен кейін қайтыс болды.

Бұл туралы «The Sun» басылымы хабарлады. 

18 жастағы Миракл өз елінде жұлдызы жарқырап келе жатқан боксшылардың бірі болған. 

Амаезе екі нокдауннан кейін есінен танып қалған. Оған бірінші жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, бірден емханаға жеткізілген. Ол Лагос қаласындағы емханада қайтыс болған. 

Кәсіпқой бокста Миракл екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жеткен еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама