×

Ислам Каримовтың сотталған қызы ақшасын қайтарып алады

Ол кемінде 13 жылға бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 18:03
фото: vestikavkaza.ru

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнар Каримова шетелдегі 303 млн доллар ақшасын қайтарып алады.

Бұл туралы «Bloomberg» басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Швейцарияның соты Гүлнар Каримоваға 303 млн АҚШ долларын қайтарып беру туралы шешім шығарған. Сот экс-президенттің қызының мемлекеттік қызметте ешқашан қызмет етпегенін, сол себепті оған тағылған айыптарда көрсетілгендей, телекоммуникация келісімдерін жасауға мүмкіндігі болмағанын ескеріп, 293 млн көлеміндегі швейцар франкін қайтарып беруге шешім шығарып отыр.

Гүлнар Каримова Өзбекстанда 2015 жылы бес жылға бас бостандығынана айырылған болатын. Төрт жылдан кейін ол колонияға ауыстырылды. 2019 жылы тамызда Өзбекстанның Бас прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденіп, ірі көлемде ақша жымқырды деген айыптар таққан соң, тағы сотталды. Ол кемінде 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама