×

Еліміздегі күнтізбеде тағы екі мереке пайда болады

Қаулыда аталған мерекелерді бекіту Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғаны жазылған

 Динара Амантай 25.07.2022 | 14:34
Фото: ашық дереккөз

Елімізде екі кәсіби мереке ресми түрде бекітілетін болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырулар енгізудің жобасын әзірледі.

Осыған байланысты жаңа мерекелік күн – Қазақстан кәсіпкерлері күнін 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін шын мәнінде өзекті және маңызды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жарнама саласының мамандары танымал. Олар әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосып жүр. Бүгінде Қазақстанда 2 мыңға жуық жарнама ұйымы жұмыс істейді. Оларда шамамен 100 мың маман еңбек етеді. Сондықтан жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылады, – делінген құжатта.

Қаулыда аталған мерекелерді бекіту Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғаны жазылған.

Қаулы жобасы 8 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні белгіленуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама