×

ШҚО-да жоғалған 3 жасар бала табылды

Ол тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқапта болған

 Динара Амантай 25.07.2022 | 13:09
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жоғалған 3 жасар бала аман-есен табылды. Бұл туралы  ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлан ауданы Таврия ауылында жоғалып кеткен Әділхан есімді бала аман-есен отбасына табысталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ол тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды.

Қазір бала үйінде, ата-анасының қасында. Олар іздестіруге көмектескен барлық азаматтарға алғысын айтып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 3 жасар баланың жоғалғанын хабарлаған едік. Ол әдеттегідей аулаға ойнауға шығып, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына барлығы 621 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама