×

Мұхтар Мағауиннің батасымен жас қаламгерлердің әңгімелер антологиясы жарық көрді

Кітап AQ кітапхана сериясымен шықты, таралымы 1000 дана

 Халық үні 25.07.2022 | 11:05
фото: facebook.com/i.salzhanov

«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қазақ руханияты мен әдебиетін дамытуға ықпал ету, талантты авторларға қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін Қордың демеушілігімен 100-ден аса тарихи, әдеби, ғылыми-зерттеу кітаптар жарыққа шықты.

Міне, бүгін ғана жас қаламгерлердің «Дауыс» әңгімелер антологиясы баспадан шықты. Бұл – Бақытбек Қадыр, Досхан Жылқыбай, Темірлан Қылышбек, Сафина Ақтай секілді түрлі шығармашылық бәйгелерден орын алып, көрініп жүрген жас прозаиктердің өз бастамасымен құрастырылған жинақ.

Жинаққа алғысөз жазған атақты жазушы Мұхтар Мағауин жастарды «қаламмен ұлттық мұратқа қызмет етуге» үндеп, ақ батасын берді.

«Кітаптың «Дауыс» деп аталуының мәні терең. Қазіргі авторлар – шығармашылық еркіндіктің тұсауы шешілген кең заманның қаламгерлері. Кеңес үкіметі кезінде аға буын жазушыларымыз өз туындыларын қатал цензура жағдайында жазса, қазір шығармашылыққа шектеу жоқ.

Жас қаламгерлердің дауысы жаңа заманның шынайы әдебиетін қалыптастырады деген үмітіміз бар», - деп жазды «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов.

Кітап AQ кітапхана сериясымен шықты, таралымы 1000 дана. Алдағы уақытта Қор тарапынан қаржыландырылған әрбір кітаптың электронды нұсқасын онлайн оқуға мүмкіндік жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама