×

Украина Приднестровьені Ресей әскерінен тазалауға дайын

Молдованы сепаратистерден құтылуға көмектесетінін мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 10:39
фото: pravda.com.ua

Украина бас барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов украин әскерлері Молдоваға Приднестровьені жаудан тазартуға көмектесе алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы «Украинская правда» порталы хабарлады.

Буданов жалпыұлттық телемарофон кезінде айтты.

Мен Молдованың өз территориясындағы оккупациялық әскерлерден құтылуға ұмтылысын қолдаймын. Біз мемлекет және арнайы қызмет ретінде туысқан мемлекеттің өз жеріндегі оккупанттардан құтылуларына барынша көмектесеміз, – деді ол.

Будановтың бұл сөзі мойындалмаған «Приднестровье Молдова Республикасының» «сыртқы істер министрлігінің» басшысы Виталий Игнатьевтің территория Молдовадан бөлініп шығып, Ресейге қосылғысы келетіні туралы мәлімдемесіне жауап ретінде айтты.

Молдова реинтеграция бюросындағылар Игнатьевтің бұл мәлімдемесіне байланысты өз тұжырымдарын білдірді.

Молдова сыртқы істер министрлігі 21 шілдеде Приднестровьеде орналасқан жедел топ мүшелері деп аталатын Ресей әскерилерінің ел территориясына кірулеріне рұқсат бермегенін растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама