×

Шымкентте егіздерді оттан құтқарған жас қыз медальмен марапатталды

Жас батыр – бар-жоғы 12 жаста.

 Қанат Атаманов 25.07.2022 | 08:30
Фото: inform.kz

Отқа оранған үйден өзінің егіз бауырларын құтқарған 12 жасар қызға «Өрт кезінде көрсеткен батылдығы үшін» медалі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анна Саворовская өзінің бұл ерлігін 15 шілде күні жасаған болатын. Түн ортасында оянған ол үйінің өртеніп жатықанын көреді. Алайда, қорқынышына ерік бермеген ол отқа оранған бөлмеден бір жасар екі інісін далаға алып шығарды.

Шымкент қаласының төтенше жағдай департаменті жеткіншектің батылдығын жоғары бағалады. Ведомство басшылығы қызды марапатқа ұсынды.

Төтенше жағдай министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 253 бұйрығына сәйкес, Анна Юрьевна Саворовская «Өрт кезінде көрсеткен батылдығы үшін» медаліне лайық деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама