×

Мемлекет басшысы Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

 Халық үні 24.07.2022 | 14:03
Фото: ашық дереккөздерден

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті.

 Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама