×

«Атырау» мен «Ордабасы» арасында өткен матч жанжалмен аяқталды

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» алты ұпай жинап, «А» квартетінің турнирлік кестесінде алматылық «Қайратты» қуып жетті

 Қанат Атаманов 22.07.2022 | 23:30
Фото: inform.kz

Қазақстан кубогының топтық кезеңінің үшінші турында айғай-шу орын алды. Бүгін өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» клубын қабылдаған «Атырау» футбол клубы 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Қазақстан Кубогының топтық кезеңіндегі жергілікті команданың алғашқы жеңілісі емес. Кездесудің нәтижесіне көңілі толмаған жанкүйерлер жанжал шығарды .

Біз бюджет қаражатының дәл бұлай тиімсіз жұмсалуына қарсымыз. Футбол клубының басшылығы легионерлермен қош айтысуы керек. Бұл біздің басты талабымыз. Олардың орнына жергілікті жас футболшылар алынсын. Мүмкін олар жеңіс үшін соңына дейін күресіп, тәжірибе жинар. Нәтижесінде бізде легионерлерден құралған емес, өз командамыз пайда болар, - дейді наразылық білдірген клубтың жанкүйерлері. 

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» алты ұпай жинап, «А» квартетінің турнирлік кестесінде алматылық «Қайратты» қуып жетті. Ал «Атырау» клубының қоржынында үш ұпай бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама