×

«Соғыстан соң ЛНР мен ДНР-ді қалпына келтіріп, Қырымға көмектесеміз» – Лукашенко

Батыс елдері Украинада соғыс аяқталғаннан кейін зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге көмектесетінін айтқан еді

 Қанат Атаманов 22.07.2022 | 20:00
Фото: ашық дереккөздерден

Беларусия президенті Александр Лукашенко «Франс пресс» агенттігіне берген сұхбатында Украина жеріндегі ЛНР, ДНР және Қырымға қатысты пікір білдірді.

«Франс пресс» агенттігінің тілшісіне жауап берген Александр Лукашенко Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатқандарына қарамастан ЛНР, ДНР және Қырымды Беларус мемлекеті ресми түрде әлі де мойындамағанын айта келе, дәл қазір мұндай мойындаудың мәні жоқ екенін айтыпты.

Дәл қазір Беларустың ЛНР, ДНР және Қырым ресми түрде мойындағанмен ештеңе өзгермейді. Егер аталған аймақтарды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік, кірпіш, цемент қажет болса, біз қолдан келген көмегімізді көрсетеміз. Егер бар мәселе біздің мойындаумызға тіреліп тұрса, біз мойындаймыз. Бірақ бұдан дәл қазір ешқандай мән-мағына көріп тұрғаным жоқ. Ең бастысы біздер аталаған аймақпен байланыс орнаттық, – деп Александр Лукашенко.

Өз кезегінде Александр Лукашенко Беларус пен аталған аумақтардағы байланысын Батыс елдері мен Украинаның арасындағы байланыспен салыстырды. Батыс елдері Украинада соғыс аяқталғаннан кейін зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге көмектесетінін айтқан еді. Лукашенко да сол сияқты соғыс аяқталғаннан кейін Беларусия ЛНР мен ДНР-дің қалпына келтіру жұмыстарына қатысатындарын ашық айтыпты.

«Батыс елдері Украина бөлшектеп, соғыстан кейін қалпына келтіруге қол ұшын созатынын айтты ғой. Біздер де соғыстан кейін Луганск мен Донбасты қалпына келтіріп, Қырымға көмектесеміз. Өйткені біздер аталған аймақпен байланыс орнаттық, мұнымызды жасырған емеспіз. Бүгінде біздер Луганск мен Донбасты, Қырымды де-факты мойындап отырмыз. Егер аталған аймақтарды Президенттің бұйрығымен мойныдау керек болса, мен оны да істеймін!» – деп Александр Лукашенко.

Қазіргі таңда ЛНР мен ДНР-ді Ресей, Сирия, Иран және Солтүстік Корея жеке-дара мемлекет ретінде мойындаған.

Біз бұған дейін Ресейдің Украинадағы әскери операциясының мақсаты өзгергені туралы жазған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама