×

Семейде кәріз құдығынан екі ер адамның денесі табылды

Тергеу жұмыстары кеше басталған

 Еркеғали Болатұлы 22.07.2022 | 14:12
фото: ашық дереккөз

Семейде кәріз құдығынан екі ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланған деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, бұл жайт бойынша тергеу жұмыстары кеше басталған.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Семей қаласының ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама