×

Қырғызстанда Назарбаевқа қойылған ескерткіш алынып тасталды

Ескерткіш «Рух Ордо» мәдени орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың 65 жасқа толуына орай 2005 жылы қойылған

 Халық үні 22.07.2022 | 12:23
коллаж Халық үні

Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш алынып тасталды. Мұны Қырғызстан президенті әкімшілігі жариялаған фотодан көруге болады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ескерткіш «Рух Ордо» мәдени орталығында Нұрсұлтан Назарбаевтың 65 жасқа толуына орай 2005 жылы ашылған. Қырғыз тарапы ескерткішті қырғызстандықтардың Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігін көрсету мақсатында қойған.

2022 жылдың 21 шілдесінде Ыстықкөл облысы Шолпан-Ата қаласындағы «Рух Ордо» мәдени орталығында Орталық Азия елдері басшылары кездесті. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенті қатысты. Мәдени орталықта түсірілген фотодан Назарбаевқа қойылған ескерткіштің алынып тасталғанын байқауға болады.

Қырғызстандық kaktus.media сайтының хабарлауынша, ескерткіш бір жылдан астам уақыт бұрын, шамамен 2020-2021 жылдар аралығында алынып тасталған. Алайда қазірге дейін оған не себеп болғаны айтылмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама